12:31, 12 Сәуір 2022 | GMT +5
Нұр-Сұлтанда 20-ға жуық есептегі сотталғанға электронды білезік тағылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Байқоңыр ауданында тіркеуде тұрған 20-ға жуық есептегі сотталғанға электронды білезік тағылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Пробациялық бақылауды қамтамасыз ету және бас бостандығын шектеуге сотталғандардың және шартты түрде жазаға тартылғандардың орналасқан жері туралы ақпарат алу үшін пробация қызметі электрондық бақылау құралдарын пайдалануға құқылы.
Сот салған шектеулерді сақталу, пробациялық бақылауды жүзеге асыру мақсатында сотталған адамға берілген электрондық бақылау құралдары оның тұрған жері туралы тиісті орындарға хабар жеткізеді. Сондықтан да Нұр-Сұлтан қаласы ҚАЖД қарасты Байқоңыр аудандық пробация қызметінде жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыс жасаған, жазаны өтеу тәртібін үнемі бұзған, қайта қылмыс жасаған 20-ға жуық сотталушыға алғаш рет электронды білезік тағылды.