Нұр-Сұлтанда дүкеннен косметика ұрлаған бойжеткен ұсталды
Полицияға дүкен иесі шағым түсіріп, косметикасы ұрланғанын хабарлаған.
«Дүкен қызметкерлері косметика жетіспейтінін анықтап, видеокамера таспасын қараған. Видеода «тұтынушының» сатушының назарын басқа жаққа аударып, дүкен сөрелерінен кремдерді, декоративтік косметикаларды, гельдерді алып, пальтосының қалтасына салып алған. Ол дүкеннен 19 мың теңгенің затын алып шыққан. Ұрланған тауарды төмен бағада сатпақшы болған», - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында видеокамерадан оның қайда бет алғанын қарап, күдіктіні ұстады. Ол бұрын сотталмаған 19 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Бойжеткен ұрлық жасағанын мойындады, полицейлер ұрланған косметиканы тәркілеп, иесіне қайтарды. Оның бұған дейін осы сияқты қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.