Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік балаларға тегін қызмет көрсетіп бастағанына бір жыл толды
«Тура бір жыл бұрын Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша барлық кәмелетке толмаған балаларға олардың мәртебесіне қарамастан тегін жол жүру енгізілген болатын. Бұл шешім қала маңында тұратын балаларға да қатысты. Бұл шара карантинге дейін енгізілген болатын.
Жол жүру үшін мектеп көлік картасының болуы, оны автобуста валидациялау міндетті шарт болып саналады. Бұл жолаушылар ағынын қадағалауға және басым бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді. Жеті жасқа дейінгі балаларға көлік картасы қажет емес», — деп атап өтті «City Transportation Systems» ЖШС Басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов.
Бір жыл ішінде балалар үшін 40 мыңға жуық мектеп көлік картасы шығарылды, оның ішінде 7 мыңнан астамы – биыл.
Қазіргі уақытта тегін жол жүруді ҰОС қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар, зейнеткерлер, сондай-ақ зейнеткерлік жасқа толған жасына байланысты және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар, көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар, мүгедектер, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар, оның ішінде ата-анасының (заңды өкілдерінің) бірі пайдаланады.
Мектеп көлік картасын рәсімдеуге өтінімді Р.Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы орталық касса арқылы алуға немесе transcard.kz онлайн сайты арқылы үйге тапсырыс беруге болады.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға сәйкес әрбір өңір мен жергілікті атқарушы орган өз бюджетін дербес қалыптастырады және жеңілдіктерді айқындайды. Сондықтан City Transportation Systems (CTS) маршруттарымен тегін жол жүру елордада және оның қала маңындағы аудандарда тұратын, оқитын 18 жасқа дейінгі балаларға ғана беріледі.