Нұр-Сұлтанда «Шырайлы Шымкент» фотокөрмесі өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласындағы «Keruenсity» сауда, ойын-сауық орталығында Шымкент қаласы әкімдігі және «National Geographic Qazaqstan» журналының бірлесіп ұйымдастыруымен «Шырайлы Шымкент!» атты фотокөрме ашылды.
None
None

Көрме мақсаты - көпшілік арасында Шымкент қаласының ішкі туризм әлеуетін жан-жақты көрсете отырып, әкімдік тарапынан алдағы уақытта қолға алынғалы отырған жобаларды фотосурет тілімен жеткізу. Айта кетерлігі, халықаралық экспедиция құрамында археолог, географ, журналистерден бөлек, тайландтық 2 фотографпен бірге әр салада машықтанған онға жуық қазақстандық фотосурет өнерінің мамандары болды. «National Geographic Qazaqstan» журналының 13 қызметкерінен құралған топ мүшелері ағымдағы жылы мамырдың 20-31-і аралығында Шымкент қаласы мен қала маңындағы қырыққа жуық тарихи-мәдени орындар мен киелі жерлерді аралап шығып, 1,5 мың шақырымдық жолды жүріп өтті.

Олар қаланың ескі бөлігіндегі көне ғимараттар, Ақмешіт үңгірі, Сайрамдағы кесенелер шоғырын және Қасқасу шатқалы секілді табиғаты әсем жерлердің таңғажайып көріністерін таспаға тартып алуға мүмкіндік алды. Ол фотосуреттердің бірнешеуі журнал арқылы әлем халқының назарына ұсынылатын болады.

Көрмеге келушілер Шымкент қаласы мен оның айналасында көрікті жерлер, киелі орындар, табиғи ескерткіштер мен қарапайым қала тұрғындарының күнделікті тұрмыс-тіршіліктерін баяндайтын фотосуреттердің әр мезгіл мен әр қырынан түсірілген жиынтығын тамашалай алады.

Фотокөрме Шымкент қаласының күніне орайластырылған. Шараның ашылу рәсіміне Шымкент қалалық Туризм басқармасының басшысы Тұрар Ахметов, National Geographic редакциясының мүшелері, қалалық маслихаттың депутаттары, жеке кәсіпкерлер мен сала ардагерлері қатысты.

Соңғы жаңалықтар