«Нұр Сұңқар» журналистік байқауының лауреаттары анықталды

АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - «Нұр Сұңқар» - «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы бастамасымен өткізіліп отырған танымал республикалық журналистер байқауы.
None
None

Байқау үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Оған бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан күн санап қызығушылық артып келеді.

Биыл шығармашылық жарыстың қорытындылары дәстүрлі түрде журналистердің кәсіби мерекесі - Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында жарияланды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 27 маусым күні Астаналық Конгресс-Холлда өтті. Оған еліміздің барлық өңірлерінің қарымды қалам иегерлері жиналды. Салтанатты рәсімге сондай-ақ Парламент депутаттары, Қазақстан журналистер одағының, Бас редакторлар клубының өкілдері қатысты. Лауреаттар өз марапаттарын елге танымал азаматтардың: мәдениет пен өнер қайраткерлері, саясаткерлер, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қолынан алды. Сондай-ақ жеңімпаздарды қазақстандық эстрада жұлдыздары құттықтады.

Биылғы жылы байқауға республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының  200-ден астам журналистері қатысты. Жеңімпаздар «Нұр Отан» партиясының, депутаттар мен депутаттық фракцияларының қызметі жөніндегі ең үздік сараптамалық материалдар, партиялық бастамалар жайындағы айрықша көзқарас, ең үздік бейне және фотожұмыстар үшін анықталды. Жалпы 18 номинация бойынша үздіктердің үздіктері таңдалды.

Байқау жеңімпаздарын құттықтай келе, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ерлан Қарин, «өздерінің белсенді ұстанымдарымен және қазақстандық қоғамның мүдделерін қорғауға ұмтылыстарымен журналистер қауымы басты мақсатымыз - Қазақстан халқының жарқын болашағына қол жеткізу үшін Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған кең ауқымды міндеттерін жүзеге асыруға тікелей қатысып отыр», - деді.

«Нұр Сұңқар» ақпарат саласы мамандарының бір-бірімен араласып, тәжірибесімен алмасуға ғана емес, сонымен бірге жаңа есімдер мен таланттарды ашуға мүмкіндік береді.

Биыл «Нұр Сұңқар» байқауының лауреаттары атанғандар:

«Эксперт» номинациясы бойынша «Казахстанская правда» газетінің шолушысы Владимир Курятов;

«Сарапшы» номинациясы бойынша «Хабар» агенттігінің тілшісі Дархан Әбдуахит;

«Наш депутат» номинациясы бойынша «Хабар» агенттігінің тілшісі Ирина Ли;

«Біздің депутат» номинациясы бойынша «Қазақстан» телеарнасының Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі Мөлдір Құлмырзаева;

 «Лента новостей» номинациясы бойынша КазТАГ агенттігінің Астанадағы офисінің жетекшісі Ирина Нос;

 «Жаңалықтар тізбегі» номинациясы бойынша «Bnews» агенттігінің бас редакторы Бейбіт Саханов;

«Вести из регионов» номинациясы бойынша «Хабар» агенттігінің Қостанай облысындағы меншікті тілшісі Игорь Нидерер;

«Аймақ жаңалықтары» номинациясы бойынша «Хабар» агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Ғани Қалмаханов;

 «В кадре партийные кадры» номинациясы бойынша «Литер» газетінің бас редакторының бірінші орынбасары Ирина Савельева;

«Кадрда партиялық кадрлар» номинациясы бойынша «Астана» телеарнасы ақпараттық бағдарламасының жүргізушісі Оксана Лоскутова;

«Точка зрения» номинациясы бойынша КТК арнасының тілшісі Александр Трухачев;

«Көзқарас» номинациясы бойынша «Хабар» агенттігінің Семей қаласындағы меншікті тілшісі Болат Кәкібаланов;

«Первый шаг» номинациясы бойынша «Жетінші» арнаның тілшісі Арман Тлеукенов;

«Алғашқы қадам» номинациясы бойынша «Айқын» газетінің тілшісі Қанат Махамбет;

«Доверие» номинациясы бойынша белгілі журналист, «Central Asia Monitor» апталығының бас редакторы Бигелді Ғабдуллин;

«Сенім» номинациясы бойынша «Егемен Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары Самат Мұса;

«Мастер объектива» номинациясы бойынша Президент баспасөз қызметінің фототілшісі Сергей Бондаренко;

«Объектив шебері» номинациясы бойынша «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының операторы Қайрат Әлиев.

Барлық байқау жеңімпаздары «Нұр Сұңқар» мүсіншесі, арнайы диплом және 300 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды.

Соңғы жаңалықтар