Нұрберген Шәріпов Жапониядағы «Real MMA» турнирінде жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Токиода «Real MMA» паралас жекпе-жегінен турнир өтті, оның аясында кәсіпқойлар арасында қазақстандық «Alem Fighters» клубының палуаны Нұрберген Шәріпов өзінің бесінші ұрысын өткізді.
None
None

Қазақстандық спортшы жапондық Шо Коганмен айқаста жеңіске жетіп, ұрысты мерзімінен бұрын аяқтады. Жапондық спортшы үшін бұл үшінші жеңіліс, бұған дейін ол сондай-ақ тоғыз жекпе-жекте жеңіс тұғырынан көрінген болатын, деп хабарлады inboxing.kz.

Шәріпов әзірге жеңіліссіз келеді. Оның есебінде кәсібилер арасында өткізілген бес айқаста бес жеңісі бар.

Соңғы жаңалықтар