Нұрберген Жұмағазиев Универсиадада шорт-тректен қола олжалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Нұрберген Жұмағазиев Алматында өтіп жатқан қысқы Универсиадада шорт-тректен 1500 метр қашықтықтағы бәсекеде «қола» алды, деп хабарлайды Sports.kz .
Алтын және күмісті сәйкесінше кәріс спортшылары - Парк Джи Вон мен Ким до Кюм олжалады. Жұмағазиев көшбасшыға 0,665 секунд қана ұтылды.