Нұргүл Шәмшиева Шымкент білім басқармасының басшысы болып тағайындалды

Қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы лауазымына Нұргүл Ақылбекқызы Шәмшиева тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform.

тағайындау
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Нұргүл Ақылбекқызы Қорқыт ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетін, «Тұран-Астана» университетін және Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Мамандығы бойынша біліктілігі - орыс тілі мен әдебиеті, психология, менеджмент.

Еңбек жолының 22 жылын тәрбие-білім саласына арнаған.

Соңғы жылдары Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы қызметін атқарған.

Соңғы жаңалықтар