18:27, 07 Мамыр 2023 | GMT +5
Нұрқанат Райыс бокстан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Ташкент қаласында ерлер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Нұрқанат Райыс ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық боксшы 75 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда доминикандық Дельгадо де лос Сантоспен шеберлік байқасты.
Нұрқанат Райыс бірінші раундта нокдаун алғанына қарамастан, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Нұрқанат алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Сәкен Бибосыновтың бокстан әлем чемпионатында жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Серік Теміржанов ширек финалға шықты.
Қазақстан бокс федерациясы Сәкен Бибосыновтың жекпе-жегіне қатысты шағым жолдады.
