Нұрқанат Серікбаев Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Тбилисиде дзюдодан өтіп жатқан әлемдік Grand Slam турнирінің алғашқы күні қазақстандықтар жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Нурканат Серикбаев
Фото: olympic.kz

Нұрқанат Серікбаев 66 келіге дейінгі салмақта финалда әзербайжандық Туран Байрамовпен алтын медальді сарапқа салды.

Тартысты өткен белдесуде Нұрқанат соңына таман юко әдісін сәтті қолданды. Сөйтіп ол Тбилисиде топ жарды.

Тағы бір қазақстандық Талғат Орынбасар 60 келіге дейінгі салмақта украиналық Артем Лесюктан айласын асырып, қола жүлдеге ие болды.

Талғат Орынбасаров
Фото: Халықаралық дзюдо федерациясы

Қазақстан дзюдо федерациясының мәліметіне қарағанда, әлемдік додаға 51 елден 386 дзюдошы қатысып жатыр. 

Жарыс 22 наурызға дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын дзюдошы Әділет Алматтың Аустрияда Гран-при турнирінің жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Нұрқанат Серікбаев Тбилисиде Grand Slam турнирінің финалына шықты.