Нұрлан Абдуллиннің майдан әндері енген альбомы жарыққа шықты

АЛМАТЫ. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Нұрлан Абдуллин «Белгісіз биіктікте...» атты жаңа альбомының тұсауын кесті.
None
None

Бұл КСРО Халық артисі Әлібек Дінішевтің ән жинағынан кейінгі, майдан әндерінен құралған еліміздегі екінші альбом болып отыр.

«Бұл менің көптеп бері армандап жүрген ән жинағым. Алайда оның сәті енді түсті. Оны бір жылда әзірлеп шықтым. Альбомды М.Матусовскийдің сөзіне жазылған В.Баснердің «На безымянной высоте...» әнінің атымен атадым.  Оған соғыс кезінде орындалған 13 ән енді», - дейді әнші Н.Абдуллин.

Альбомға «Тырналар» (Р.Гамзатов, Я.Френкель), «Қайдасыңдар енді, полктас-достар» (А.Фатьянов, В.Соловьёв-Седой), «Қараңғы түн» (В.Агатов, Н.Богословский),  «Қара теңізде» (С.Кирсанов, М.Табачников),  «Отан неден басталады» (М.Матусовский, В.Баснер),  «Мәскеуліктер» (Е.Винокуров, А.Эшпай), «Сүйікті қала» (Е.Долматовский, Н.Богасловский),  «Сұр шинель» (сөзі - В.Ермаков, әні - халықтікі) «Партизан сақалы» (М.Лапиров, Л.Бакалов),  «Кешкі ән» (А.Чуркин, В.Соловьев),  «Өмір мен сені сүйем»  (К.Ваншенкин, Э.Колмановский) әндері енген.

«Ұлы Отан соғысы әрбір отбасын шарпып өтті. Онда әкем соғысып, екі жыл бұрын өмірден озды. Оған майдан әндерінен бір жинақ шығаруға уәде берген едім. Алайда, көзі тірісінде оны шығарып  үлгере алмадым. Алла бұйыртса, алдағы уақытта соғыста  орындалған қазақ әндерін іздестіріп, майдандағы қазақ әндерінің жинағын шығару ойымда бар», - деген Нұрлан Абдуллин, шара барысында майдангерлерге сый-сияпат жасап, ән жинағын тарту етті.

Соңғы жаңалықтар