Нұрлан Қыдырбаев елорда бойынша жемқорлыққа қарсы департамент басшысы болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент басшысы тағайындалды. Бұл туралы аталған агенттіктегі брифингте мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрлан Қыдырбаев елорда бойынша жемқорлыққа қарсы департамент басшысы болды

Бұл қызметке ұлттық қауіпсіздік генерал-майор Нұрлан Сұлтанұлы Қыдырбаев бекітілді.

Н. Сұлтанұлы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҰҚКД бастығы, Ақтөбе облысы бойынша ҰҚКД бастығы лауазымдарын атқарған.