Нұрлан Ноғаев Атырау облысын бензинмен қамтамасыз ету жағдайына түсінік берді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңір тұрғындарының бензинмен қамтамасыз етілуі жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұрлан Ноғаев Атырау облысын бензинмен қамтамасыз ету жағдайына түсінік берді

«Бүгінгі таңда өңірімізде бензин тапшылығы  жағдайы жоқ»,-деді облыс әкімі Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

  Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта Атырау мұнай өңдеу зауыты қалыпты режімде жұмыс істеп тұр. Күніне онда АИ-92 маркалы 2,4 мың тонна бензин өндірілуде.

 «Атырау мұнай өңдеу зауытынан бөлек, өңірге отынды басқа да жеткізуші компаниялар тасымалдап жатыр. Осындай 22 тасымалдаушы облыста қызмет етіп жүр. Жалпы, өңірде 103 жанар-жағармай құю стансасы бар»,-деді Нұрлан Ноғаев.

Әкімнің айтуынша, АИ-92 бензині облыс аумағында 151-158 теңге аралығында саудалануда.