Нұрлан Нығматулин мен Рустам Эмомали парламенаралық ынтымақтастық мәселесін талқылады
Жүздесу барысында екі ел Парламент өкілдерінің өзара іс-қимылының перспективалық бағыттары талқыланды. Тәжікстан еліміздің Орталық Азиядағы маңызды серіктесі әрі сенімді одақтасы екенін айтқан Мәжіліс Төрағасы Қазақстан басшылығының екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин қос елдің стратегиялық серіктестік деңгейіне Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон орнатқан ынтымақтастықтың қол жеткізген нәтижесіне екеніне назар аударды. Мәжіліс Спикерінің айтуынша, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жылдағы Душанбеге ресми сапары өзара іс-қимылдың дамуына серпін берді. Өз кезегінде, Тәжікстан Оли Мажлисі Милли Мажлисінің Төрағасы Рустам Эмомали екіжақты ынтымақтастық деңгейіне жоғары баға берді:
- Біз бауырлас Қазақстанмен қарым-қатынастың бүгінгі деңгейін бағалаймыз. Достас екі мемлекет басшыларының сенімді диалогы біздің елдеріміздің өзара табысты іс-қимылының қарқынды дамуына және құқықтық базаны жетілдіруге ықпал етеді, - деді Рустам Эмомали.