«Нұрлы жол» вокзалында Жеңістің 80 жылдығына орай фотокөрме өтіп, 80 ағаш егілді

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылғы 5 мамыр күні «Нұрлы жол» вокзал кешенінде 9 мамыр — Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Нұрлы жол вокзалы - ағаш егу
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Іс-шара аясында соғыс ардагерлері мен тыл ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай тарихи фотокөрме ұйымдастырылды.

«Нұрлы жол» вокзал кешенінде Жеңістің 80 жылдығына орай фотокөрме өтті
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Фотокөрмеде соғыс кезеңінен сыр шертетін сирек кездесетін тарихи суреттер мен құжаттар ұсынылды.

«Нұрлы жол» вокзал кешенінде Жеңістің 80 жылдығына орай фотокөрме өтті
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
«Нұрлы жол» вокзал кешенінде Жеңістің 80 жылдығына орай фотокөрме өтті
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Көрмені тамашалауға келген қала тұрғындары мен қонақтары жауынгерлердің ерлігі мен халықтың тылдағы еңбегін бейнелейтін мұрағаттық материалдармен танысты.

Іс-шараның тағы бір маңызды бөлігі — вокзал кешенінің маңында 80 ағаш егу акциясы болды. Бұл акция Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылып, өскелең ұрпаққа бейбітшілік пен тарихқа құрметтің символы ретінде өтті. Ағаш отырғызу рәсіміне «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ басшылығы, «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ — «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының директоры, ардагерлер және вокзал қызметкерлері қатысты.

Нұрлы жол вокзалы - ағаш егу
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Атап айтқанда, ардагерлерге ерекше құрмет көрсетіліп, «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ басшылығы ардагерлермен бірге ағаш егіп, оларды суаруға қатысты.

Нұрлы жол вокзалы - ағаш егу
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Бұл қадам — ардагерлерге деген шынайы ризашылықтың және бір ұрпақтың келесі ұрпаққа көрсеткен өнегесінің нақты көрінісі болды.

Шара соңында барлық қатысушы естелік суретке түсіп, ардагерлердің жылы лебізін тыңдады.

Нұрлы Жол вокзал - Жеңіс күні
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Бұл іс-шара — еліміздің ерлікке толы тарихын ұлықтау мен келешек ұрпаққа бейбітшілік құндылығын дәріптеудің жарқын үлгісі.

Бұған дейін Астанада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болатыны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар