«Нұрлы көш» бағдарламасы ауқымында Курчатовта төрт үй салынады

СЕМЕЙ. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Нұрлы көш» республикалық бағдарламасы ауқымында Курчатов қаласындағы толық салынбаған төрт үйді қалпына келтіруге тапсырыс берді,

«Нұрлы көш» бағдарламасы ауқымында Курчатовта төрт үй салынады
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Ертіс» ӘКК төрағасының орынбасары Вера Сухорукованың хабарлауынша, «Ертіс» корпорациясы, «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі осы жобаны жүзеге асыру жөніндегі келісімге қол қойды. Оған 760 миллионнан астам теңге бағытталатын болады.Бұл үйдегі пәтерлер басқа елдерден тарихи отанына келген оралмандарға берілмек.