"Нұрлы көш" бағдарламасының ілкі жобалары жүзеге асуда

АЛМАТЫ. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - "Нұрлы көш" бағдарламасының ілкі жобасы қазіргі таңда 3 аймақта жүзеге асуда. Оны "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ның басшылары бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Нұрлы көш" бағдарламасы қазір Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласындағы Асар ықшам ауданында, Ақмола облысындағы Красный Яр ауылында және Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында жүзеге асуда. Бұл бағдарламаға қатысушылар бізбен тұрғын үй құрылысы жинағы келісімін жасайды. Шілденің 1-індегі деректер бойынша олардың саны 738 болды", дейді "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ның Басқарушы директоры Данияр Тойбаев. Директордың айтуынша, ағымдағы жылы бұл бағдарлама тағы 5 өңірде жүзеге асырылады. Олар Ақмола облысының Степногор қаласындағы Қарабұлақ ауылы, Ақтөбе облысы Хормтау ауданындағы Көктал ауылы, Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен қаласы, Қостанай облысы Қостанай ауданындағы Заречный кенті, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы Бәйтерек ауылы. Жалпы "Нұрлы көш" бағдарламасы алыс-жақын шет елдерде тұрып жатқан қазақтарды және еліміздің қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан азаматтарын тиімді орналастыруды, оларға қолайлы тұрмыстық жағдай туғызуға және шоғырландырға бағытталған. Қазақстаның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі оның операторы саналады.

Соңғы жаңалықтар