16:35, 02 Желтоқсан 2015 | GMT +5
«Нұрлы жол» бағдарламасы өте үлкен нәтиже беруде - Алматы облысының әкімі
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы аясында біз өте үлкен нәтиже алудамыз. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлім етті.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, бағдарламаны жүзеге асыруға биыл Ұлттық қордан 10,4 млрд. теңге бөлініп, оның ішінде 23 инвестициялық жобаны жүзеге асыруға 6,8 млрд. теңге қарастырылды. Бұның арасында бүгінде 8 жоба аяқталды, ал 4 жоба жыл соңына дейін іске қосылады деп жоспарлануда. «ҚИК» АҚ Талдықорған қаласында 290 пәтерлі бес үйдің құрылысын жүргізуде. Жылумен қамту бағытында 14 жобаны жүзеге асыруға 3,1 млрд. теңге көзделген. Сарқан қаласының орталық қазандығының және жылу жүйелерінің құрылысы, Қаратал ауданының Үштөбе қаласындағы қазандықты қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Текелі қаласында 3,6 шақырым желілік жылу жүйелері салынды.