«Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруға кейбір ірі кәсіпорындардан босауға мәжбүр болған адамдарды тарту керек - Елбасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылу барысын тиімді бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.
None
None

Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің Бюро отырысы барысында мәлім етті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Біз қабылдаған осы және басқа бағдарламалар дер кезінде жасалған, оны түсіндіру қажет. «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруға кейбір ірі кәсіпорындардан босауға мәжбүр болған адамдарды тарту керек. Бұл барша әкімдердің міндеті, бұған қажетті ақша бөлінген, барлық жерде автомобиль жолдарын, аурухана, мектеп, баспана, ТКШ нысандарын жөндеу және салуды қамтитын жұмыстар баршылық», - деп атап өтті Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев партияның қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтауға ықпал етіп, барлық туындайтын мәселелер бойынша халықпен белсенді жұмыс істеуі тиістігіне назар аударды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум