«Нұрлы жол» Қазақстанның 30 дамыған елдің қатарына кіруге жол ашады - сарапшы В.Тельнов

«Қазіргі кезде бүкіл әлемде қоғам қалыптастырған өзгеріс құралдарын көтермелеу мен олардың тиімділігін арттыру мәселесі бірінші орынға шығып келеді. Қазақстанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев осы идеяны әрдайын көтеріп отырады. Сондықтан бізде президенттік республика тарихи жолмен қалыптасты. Бұл біздің бір орында тұрып қалмай, үнемі алға жылжып отыруымызды білдіреді деген сөз. Соның арқасында біз 50 дамыған елдің қатарына қосылып үлгердік», - деп атап өтті ол.
Сарапшының айтуынша, ендігі кезекте мемлекет алдында мүлде басқа мақсаттар тұр.
«Бүгінде Қазақстан әлемдегі ең жықсы дамыған 30 елдің қатарына кіру керек деген жаңа мақсатты алдына қойды. Осы мақсатқа жетудің негізгі жолдырын «Қазақстан-2050» Стратегиясы, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығы және «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты құрайды. ҚР Президентінің стратегиясы - тиімді мемлекеттілікті қалыптастыру. Ұлт жоспарын жария ете отырып, Мемлекет басшысы жаңарудың жаңа парадигмасын белгілеп берді», - деді В. Тельнов.