НҰРЛЫ ЖОЛ: «ҚазАвтоЖол» ҰК 2019 жылға дейін республикалық маңызы бар 7 мыңнан астам автомобиль жолдарын жөндеуден өткізеді (ФОТО)

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасы «ҚазАвтоЖол» ҰК алдына автожолдар инфрақұрылымдық тірегін қалыптастыру бойынша міндет қойды. Ол Қазақстан елордасын сәуле қағидаты бойынша өңірлермен байланыстырады.

НҰРЛЫ ЖОЛ:   «ҚазАвтоЖол» ҰК 2019 жылға дейін республикалық маңызы бар 7 мыңнан астам автомобиль жолдарын жөндеуден өткізеді (ФОТО)

«Бұл мақсатта жалпы сомасы 2,4 трлн теңгеге республикалық маңызы бар 7 мың шақырымнан астам жолды қайта жөндеу талап етіледі. Бұл жобаларды іске асыру елдің сапалы көліктік желісін қалыптастырып, өңірлер арасындағы «экономикалық қашықтықты» қысқартады», - деп түсіндірді АҚ Жамбылдық филиалы басшысының орынбасары А. Туғанова.

Жол ұзындығы 1237 шақырымды құрайды. 2010 жылдан бастап өңірде жалпы ұзындығы 495 шақырым «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасы іске асырылады. «Қазір «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің «Отар-Ұзынағаш» учаскесі бойынша ұзындығы 16 шақырым «Алматы-Ташкент-Термез» 143-159 шақырым жолдың жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілуде», - деді ол.

«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында «РФ шекарасы (Екатеринбор)-Алматы» республикалық жолы учаскесін, сондай-ақ ұзындығы 62 шақырым Астана-Қарағанды-Балқаш-Қапшағай-Алматы бағыты бойынша «Орталық-Оңтүстік» дәлізін қайта жаңартуға ЖСҚ әзірлеу аяқталуда.

Ұзындығы 147 шақырым «Астана-Қарағанды-Балқаш-Қапшағай-Алматы» 2152 шақырымнан 2005 шақырым аралығында Орталық-Оңтүстік дәлізі жолының учаскесін жаңғыртуға ЖСҚ әзірлеу басталды.

АҚ-ның облыстық филиалы, ККМ Автомобиль жолдары комитеті мен АҚ арасында шартқа сәйкес облыстың республикалық маңызы бар жолдарын ұстау бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізуге бақылауды жүзеге асырады. Биыл ұзындығы 26 шақырым болатын республикалық маңызы бар автожол учаскелерін орташа жөндеу бойынша жұмыстары жүргізілді, деп атап өтті ол.

Жөндеуден өткендердің ішінде Мерке-Шу-Бурылбайтал бар. 11 шақырымдық Тараз-Үтмек-Қырғызстан шекарасы және 9 шақырымдық Мерке-шу-Бурылбайтал екі учаскесінде ыстық асфальт-бетондық қоспамен жамылғы төселді, деп атап өтті А.Туғанова.