«Нұрлы жол» қоғамдық келісім өзегі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан егемендік алған жиырма төрт жылдың ішінде еліміздің жарқын болашағы мен тұрақты экономикалық дамуы жолында көптеген ірі бағдарламалар қабылданып, жүзеге асуда. Солардың бірі және бірегейі «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» бағдарламасы болып отыр.
None
None

Өткен жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ішкі тұрақтылығымыз бен экономикалық дамудың жаңа бағдарын көрсету мақсатында Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты еліміздің қарқынды даму жолындағы жеті бағытының негізгі тұстарын айқындай түсетін жаңа экономикалық саяси бағдарламасын жария етті. Аталған тарихи құжатта дағдарыстың алдын алудың бағдарларын ғана көр­сетіп қоймай, елімізді дамыған отыз мемлекеттің қатарына қосылуға жағдай жасап, Тәуелсіз Қазақстан тарихында ұзақмерзімдік даму жолы анықталып, болашағымыздың жарқын бағдарын айқындап берді.

Соңғы уақыттарда әлемнің алпауыт мемлекетте­рінде болып жатқан экономикалық ахуал, геосаяси дағдарыстар, шикізат ресурстарына нарықтағы бағаның төмендеуі, жаңа сынақтар мен жаңа эконо­микалық талаптар көптеген ірі мемлекеттерді айналып өтпеді. Бүгінде көптеген ірі державаларда ішкі тұ­рақсыздық пен экономикалық әлсіреулер орын алып, қаржылық және өнеркәсіптік тоқырауларға ұшыратуда, сонымен қатар жұмыс­сыздық мәселеле­рінің белең алуына алып келіп отыр. Жоғарыда аталған әлемдік проблемалар біздің елді де айланып өтпесі анық. Бұл ретте, «Нұрлы жол» бағдарламасын елде болуы мүмкін дағдарыстардың алдын алу құралы деп танып, халық қалаулылары мен қоғам қайраткерлері, және қарапайым тұрғындар да қолдап, зайырлы мем­ле­кетіміздің жарқын даму бағдарына балап отыр.

Бүгінгі таңда қоғамға үлкен серпіліс әкелген атал­мыш бағдарлама әлеуметтік, экономикалық жағы­нан ғана емес, еліміздегі маңызды мәселелердің бірі - рухани және мәдени құндылықтарды да қамтыған. Елбасы әр жылғы халыққа Жолдауында елдің экономикалық жағдайымен қоса дін мәсе­ле­сіне айрықша көңіл бөледі. Біз көпұлтты зайырлы мемлекетпіз, сондықтан ішкі діни тұрақтылық пен конфес­сия­аралық келісімнің маңызы ерекше екендігін баса айтады.

Ұлттық дүниетанымда, халықтық табиғи санада идеялар көзге түсуінен халықтың табиғи-генетикалық өз ерекшеліктерін, ұлттық мәдениетін толықтай тануға жедел бетбұрыстар жасауына байланысты қазақ діни дүниетанымының мәні мәселесі де өзекті тақырыпқа айналды. Халқымыздың дүниетанымының, рухани ке­ңістігіндегі орны көмескіленген үрдістерінен ауыс­тырудың жолдары ұлттық құндылықтарды дамыту үшін қажетті құбылысты зерделі зерттеу, парасатты ғылыми негізде сараптау болып отыр. Дамыған, мықты мемлекеттер­дің өзі экономикалық дағдарыстар мен экстремистік әре­кет­тердің алдында қауқарсыздық танытуда. Осы аталған жағдайлардың алдын алу мен оған қарсы тұрудың жолдары «Нұрлы жол» бағдарламасында толық қамтылған.

«Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» бағдарламасында жоспарланған міндеттер жүзеге асыру елдегі ішкі тұрақтылық пен қоғамдық келісімге тікелей байланысты. Мемлекетте халықтың идентификациясы дұрыс болған жағдайда қоғамдық келісім нығайып, саяси тұрақтылықты ұстап тұруға болады. Әр азамат Жолдауда аталған жеті бағыттың жүзеге асуына жұмыс жасап, оны іштей сезінуі керек. Егемендік пен мемлекеттілік, ішкі саяси тұрақтылық сонда ғана нығаяды, халықтың санасында өзара сенімділік пен отансүйгіштік сезімі арта түседі.

Бұл маңызды жобаның негізгі ұстанымы қоғам­дағы тыныштық пен ішкі экономикалық, әлеуметтік жағ­дайды реттеу сонымен қатар, діни тұрақтылық пен конфессияаралық келісімді сақтау болып отыр. Сондықтан ұлт болып, қоғам болып болашағымыздың жарқын бағдарын айқындап берген айтулы бағдар­ла­маның жүзеге асуына бір кісідей ат салысу біздің борышымыз.

Соңғы жаңалықтар