«Нұрлы жол» заманның жаңа ағымына дер уақытында қайтарылған жауап - М. Пішембаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасының «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты заманның жаңа ағымына дер уақытында қайтарылған жауап болып табылады. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» бірлестігінің басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев осылай мәлім етті.
None
None

«Президенттің «Нұрлы жол» бағдарламасы заманның жаңа ағымдарына қарсы уақытылы жасалған жауап. Біздің Елбасы бұндай жаһандық қатерлерге жедел ден қойып, елді дамытудың «шұғылалы қағидаттары» бойынша басым бағыттарды айқындады. Ол қағидат Астананы еліміздің барлық өңірлерімен байланыстыра біріктіріп, әлемдік экономикалық дағдарыстың тәуекелдерін мейлінше төмендетуге, сондай-ақ «Қазақстан-2050» стратегиясындағы басты жоспарларды жүзеге асырудың бастапқы позицияларын жеделдетуге бағытталған», - деді Мейрам Пішембаев.

Депутаттың сөзіне қарағанда, «Нұрлы жол» бағдарламасын кешенді түрде атқару қолданыстағы бағдарламалық құжаттар арқылы жүзеге асатын болады. Ал бағдарламалардың негізгі өзегі 2015-2019 жылдарға арналған инфрақұрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламасы болмақ. «Бұл құжат еліміздегі іскерлік белсенділікті ынталандырып, жұмыспен қамтуды жандандыра түседі», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар