Нұротандықтар Павлодар облысының тұрғындарын сайлауалды партия тұғырнамасымен таныстыруда
ПАВЛОДАР. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - 21 желтоқсанда «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары, республикалық сайлауалды штабының жетекшісі Нұрлан Нығматулин Павлодар облысының этномәдени бірлестіктері өкілдерімен және қала тұрғындарымен кездесті. Ол өз кезегінде өткен кезеңдегі бағдарламанының іске асырылғанын айта келе, жаңа сайлауалды партия тұғырнамасымен таныстырды.
Осы күні Нұрлан Нығматулин облыстық «Нұр Отан» ХДП-ның сайлауалды штабында еңбек ардагерлерімен, қоғамдық ұйымдардың көшбасшылармен және ҮЕҰ өкілдерімен кездесті.
Сондай-ақ ол №1 шағын ауданда тұратын ТКШ жаңарту бағдарламасы бойынша жеңілдікті несие алып, ғимаратын жөндеткен тұрғындардың біреуімен сұхбаттасты. Айта кетейік, Павлодар облысында осы бағдарлама бойынша 40 үй жөндеуден өтіп жатыр. Тұрғындар мемлекеттің тарапынан беріліп жатқан қолдау мен ескі үйдің жөндеуден өту мүмкіндіктерін бағалап үлгерді.