Нұротандықтар саннан сапаға көшеді

ҚАРАҒАНДЫ. 14 қаңтар. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - «Нұр Отан» Халықтық демокартиялық партиясының қызметінде партияға мүше әрбір адамның жұмыс сапасын арттыру мәселесі алғашқы орында тұрады.

Нұротандықтар саннан сапаға көшеді

Теміртауда өткен қалалық партиялық ұйымының есеп беру-сайлау жиналысында «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин осылай деп мәлім етті.

«Егер қалыптасу кезінде біз үшін сан маңызды болса, қазір қатарына 800 мыңға жуық партияшыл келіп қосылған «Нұр Отан» партиясы адам қатарын көбейтуді мақсат тұтпайды. Бүгінде біз үшін сапалы құрам маңызды», - деді Н.Нығматулин.

Ол партияға мүше әрбір адам партия көшбасшысы алға қойған басым бағыттарды тиімді жүзеге асыруға жауапкершілікпен қарау керек екендігін жеткізді.