Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды әлемге, ал әлемді Қазақстанға ашып берді - «Исаакиев соборларының» директоры

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды әлемге, ал әлемді Қазақстанға ашып берді. Санкт-Петербордағы «Исаакиев соборлары» мемлекеттік мұражай-ескерткішінің директоры Николай Буров осындай пікір айтты.
None
None

«Ширек ғасырға жетер-жетпес уақыттың ішінде әлем бойынша жоғары б еделге ие болған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құрлықтың қақ ортасынан ауқатты да ауқымды елдің жаңа елордасын - салтанаты мен сәні жарасымды Астананы салды. Астананы салып жатып, ол мықты, қарқынды және бүкіл дүниежүзіне ашық елдің болашағын көрді. Ол Қазақстанды әлемге, ал әлемді Қазақстанға ашып берген тұлға. Астана мемлекеттің жарқын болашағының символына айналды», - деді ол бүгін ҚР Тұңғыш Президенті мұражайының 10 жылдығана арналған «Қазіргі қоғамдағы Музей. Жаңа даму жолдарын іздестіру» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында.

Оның сөзіне қарағанда, ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайы барша әлемнен әкелінген құнды жәдігерлерді сақтауда.

«Мұражай керемет. Ол жас, дегенмен соған қарамастан, «ақылды» әрі заманауи. Мұражайдың іші ғаламат энергетикаға толы. Түрлі мемлекет басшылары сыйға тартқан өте құнды экспонаттар менің көңіліме ерекше қызығушылық дарытты. Меніңше, кезінде солардың ешбірін жоғалтпай, осында сақтау жөніндегі шешім өте дұрыс қабылданыпты», - дейді Н.Буров.

Бұның алдында хабарланғанындай, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұражайының 10 жылдығына орай «Қазіргі қоғамдағы Музей. Жаңа даму жолдарын іздестіру» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткен болатын. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, мемлекеттік органдардың, алыс және жақын шет мемлекеттердің ғылыми және мұражай қауымдастығының өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар