Нұрсұлтан Назарбаев Шымкенттегі Индустриялық аумақпен танысты

; ШЫМКЕНТ. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентке жұмыс сапарының аясында бүгін Индустриялық аумақтың құрылу барысымен танысты.
None
None

Шымкенттің Индустриялық аумағы - Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығы ұйытқы болып отырған ірі өнеркәсіптік жоба. «Бұл жоба бұрынғы фосфор зауытының сақталған инфрақұрылымдарын пайдалануға және оның аумағында жаңа заманауи кәсіпорындар салуға негізделіп отыр», - деп түсіндірді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Нұржан Әлтаев.

Бұрынғы өнеркәсіптік алпауыттың аумағында кезінде фосфор зауытының жұмысы тоқтағаннан кейін әр жылдары пайда болған 30 шақты кәсіпорын жұмыс істейді. Тағы 200 гектардай жер бос жатыр. Жергілікті билік өз мойнына алып отырған аумақтарды тазалау, коммуникацияларды қалпына келтіру жұмыстары аяқталып қалды. Жаздан бері әкімдіктің арнайы комиссиясы кәсіпкерлерден ұсыныстар қабылдауда - қазіргі таңда 13 жоба мақұлданды, олар жүзеге асыруға әзірленуде.

Соңғы жаңалықтар