Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет пен әкімдердің жұмысына баға берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы атқарылған жұмыстарға оң баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Өткен жылы Үкімет, Ұлттық банк, барлық әкімшіліктер үлкен жұмыстар істеп, жалпы экономиканың әр саласында табыстарға жетті деп айтып, оң баға беруге болады. Ауқымды жұмыстар атқарылғаны көрініп тұр. Барлығы айтылды, дегенмен қайталауға да болады. Жалақының төменгі мөлшері 1,5 есе артты. Осы айдың ішінде белгілі болуы керек. 500 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты. 113 мың отбасы жаңа баспанаға ие болды. Кәсіпкерлікпен шұғыландануға барынша қолайлы жағдай жасап отырмыз. Яғни, экономиканың негізгі секторлары бойынша өткен жылы жақсы нәтижеге қол жеткізілді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы қазіргі уақытта жаһандық экономиканың баялауы, әлемдік сауданың құлдырауы байқалып, санкция соғыстарының жалғасып отырғандығын атап өтті.

«Бұл бізге де әсерін тигізбей қоймайды. Себебі жаһандық экономиканың құрамындамыз. Сондықтан біздің міндетіміз - экономиканың қажетті өсім қарқынын қамтамасыз ету, экономикалық өсімді төмендетпеу үшін дамудың түрлі сценарийлеріне дайын болу. Сол арқылы ғана қазақстандықтардың әл-ауқатын көтере аламыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар