Нұрсұлтан Тұрсынов грек-рим күресінен Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды

АСТАНА. KAZINFORM - Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Нұрсұлтан Тұрсынов Бішкек қаласында (Қырғызстан) өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Нұрсұлтан Тұрсынов
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

ҚР Ұлтты олимпиадалық комитетінің хабарлауынша, 87 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін өткен белдесуде Тұрсынов түрікменстандық Довлетмұрат Байрамовпен кездесті.

Қазақстандық балуан қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, құрлық біріншілігін қола медальмен аяқтады.

Айта кетейік, бүгін, 7 сәуірде Қахарман Қисыметов (77 келіге дейін) те қола жүлде үшін белдескен еді. Алайда ол өзбекстандық Дониерхон Накибовқа есе жіберді.

Осыған дейін қазақстандық балуанның Азия чемпионатының финалына шыққаны туралы жаздық.