Нұржан Ізтілеуов Түлкібас ауданының әкімі қызметіне тағайындалды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Әкімшілігінің және Түлкібас ауданы мәслихатының келісімімен, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Нұржан Жақсылықұлы Ізтілеуов Түлкібас ауданының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Нұржан Ізтілеуов 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Білімі жоғары. Оңтүстік Қазақстан техникалық университетін халықаралық экономикалық қатынастар мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Халық Жинақ Банкінің Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында бастаған. Кейіннен Жамбыл облыстық филиалында бөлім бастығы және Түлкібас, Мақтаарал аудандық филиалдарының бастығы қызметін атқарды.
Сонымен қатар «Экспресс Банк», «АТФ Банк» акционерлік қоғамдарының Шымкент қаласындағы филиалдарында басшы болып еңбек етті.
Түлкібас ауданы, Кемербастау ауылдық округінің әкімі және Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары болды.
Түркістан облысының білім басқармасы басшысының орынбасары, 2020-шы жылдан бүгінгі күнге дейін Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.