Нұржан Тұрсынханов Қаржы нарығын реттеу агенттігі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Нұржан Асқарұлы Тұрсынханов жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Нұржан Тұрсынханов Қаржы нарығын реттеу агенттігі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды
Фото: Ақорда

— Мемлекет басшысының өкімімен Нұржан Асқарұлы Тұрсынханов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

 

2020 жылы Назарбаев Университет, «Executive MBA» басшыларына арналған Іскерлік әкімшілік магистрі.

2003 жылы Ноттингем Университеті, экономика ғылымдарының бакалавры.

Кәсіби тәжірибесі:

2020 жылдан бастап «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.

2019 ж – қазіргі уақытқа дейін Монетарлық операциялар департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі.

2015 – 2019 жж Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, Монетарлық операциялар департаментінде басшылық қызметтерін атқарды.

2015 – Төрағаның Орынбасары, «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ.

2012 – 2015 жж – Басқарма төрағасының орынбасары, «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ.

2004 – 2012 жж – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, Монетарлық операциялар департаментінде түрлі лауазымдарды атқарды.

2003 - 2004 жж  – Қазынашылық департаментінің трейдері, «HSBC Банк Қазақстан» ЕБ АҚ.

Айта кетейік, Президент банк және қаржы нарығын реттеу туралы екі заңға қол қойды.

Соңғы жаңалықтар