«Нұр Жолы» өткізу бекетінде 1 мамырдан бастап тасымалдаудың цифрлық төлқұжатын қолдануға болады

АСТАНА. KAZINFORM — Smart Cargo логистиканың Бірыңғай терезенің негізінде құрылған тасымалдаудың цифрлық төлқұжаты 2026 жылғы 1 мамырдан бастап НұрЖолы автомобиль өткізу бекетінде іске қосылады, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

тасымалдаудың цифрлық төлқұжаты
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Бұл жүк тасымалдауын бүкіл жол бойы сүйемелдейтін мобильді қосымшасындағы электрондық құжат болып табылады және автомобиль өткізу бекеттерінен өту уақытын қысқартуға бағытталған.

Сервис қолданыстағы қағаз түріндегі «айналып өту парағын» алмастырады және жүргізушінің бекеттерде ілеспе құжаттар топтамасын ұсыну қажеттілігін жояды. Оның орнына жүргізуші QR-код ұсынады, ал жүк иесіне, жөнелтушіге және тасымалдаушыға жеке кабинет арқылы нақты уақыт режимінде ақпаратқа қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

Қазіргі кезеңде цифрлық төлқұжатты пайдалану ерікті негізде жүзеге асырылады.

Сервис туралы толық ақпарат және нұсқаулықтар, сондай-ақ қосымшаны орнатуға арналған сілтемены осы жерден алуға болады.

Осыған дейін домбыраны ұшақ бортында алып жүруге рұқсат етілгені туралы жаздық.