Nvidia 2026 жылдың ақпанында Қытайға ЖИ чиптерін жеткізе бастайды

АСТАНА. KAZINFORM — Америкалық Nvidia компаниясы қытайлық тұтынушыларға H200 жасанды интеллект чиптерін Қытайға 2026 жылдың ақпан айының ортасына дейін жеткізуді бастау ниеті туралы хабарлады, деп хабарлайды South China Morning Post.

Nvidia планирует начать поставки ИИ чипов в Китай в следующем году
Фото: SCMP

Чип әзірлеушісі алғашқы тапсырыстарды қолда бар қорын пайдаланып орындамақ. Дереккөздердің бағалауынша, жеткізілімнің жалпы көлемі 5 мыңнан 10 мыңға дейін модульді құрауы мүмкін, бұл шамамен 40-80 мың H200 ЖИ чиптеріне тең.

Компания сонымен қатар қытайлық тұтынушыларды осы чиптердің өндірістік қуатын кеңейту жоспарлары туралы хабардар етті. Жаңа қуатқа тапсырыстар 2026 жылдың екінші тоқсанында ашылады деп күтіліп отыр.

Еске сала кетсек, Дональд Трамп 9 желтоқсанда TruthSocial әлеуметтік желісіндегі жазбасында ҚХР төрағасы Си Цзиньпинді АҚШ-тың Nvidia компаниясына ұлттық қауіпсіздік талаптарын орындау жағдайында H200 ЖИ чиптерін жеткізуге рұқсат беру жоспарлары туралы хабарлағанын мәлімдеді.

Бұған дейін АҚШ Қытайға жөнелтетін NVIDIA H200 тауарлары деректерінің ашықтығын талап еткенін жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар