Нығматулин ТүркПА-ның отырысы аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Түркістан қаласында өтіп жатқан Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының Х пленарлық отырысы аясында Венгрия, Қырғызстан парламенттері сондай-ақ Қара теңіз экономикалық ынтымақтастық Парламенттік Ассамблеясы делегацияларының басшыларымен келіссөздер жүргізді.
None
None

Нұрлан Нығматулин түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласында ТүркПА-ның мерейтойлық Х пленарлық сессиясын өткізудің маңыздылығы мен символдық мәнін атап өтіп, қаланың қазіргі жандануы және жаңаруы Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы, Түркі кеңесінің құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша жүріп жатқанын атап өтті.

Мәжіліс Спикері отырыста қабылданған шешімдер парламентаралық өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ елдер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

- Биыл Қазақстан мен Қырғызстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы атап өтіледі. Осы уақыт ішінде елдеріміз айтарлықтай жетістіктерге жетті. Біздің мемлекеттер басшыларының маңызды бастамаларын қолдау үшін Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы дәстүрлі достық және тату көршілік қатынастар, оның ішінде парламентаралық деңгейде де одан әрі дами беретініне сенімдімін, - деді Нұрлан Нығматулин Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Талант Мамытовпен кездесуде.

Халықаралық парламенттік ұйымдар шеңберінде парламентшілердің өзара іс-қимылын нығайту мәселелері ТүркПА-да бақылаушы мәртебесіне ие Мажарстан мен Қара теңіз экономикалық ынтымақтастық Парламенттік Ассамблеясы делегацияларының басшыларымен кездесті.

Біздің елдеріміздің басшылары үнемі көрсетіп отыратын даму жөніндегі ортақ көзқарастарды Қазақстан мен Мажарстан парламентшілері де ұстанады, - деп атап өтті Нұрлан Нығматулин Мажарстан Мемлекеттік жиналысының бірінші вице-спикері Марта Матраймен кездесуде.

Модельдік заң шығару базасын қалыптастыру, парламенттік дипломатияны нығайту тетіктеріне деген қызығушылық Қара теңіз экономикалық ынтымақтастық Парламенттік Ассамблеясы Бас хатшысы Асаф Гаджиевпен келіссөздер барысында атап өтілді.


Соңғы жаңалықтар