Нысана көздеуден аймақтық жарыста ақтаулықтар жеңімпаз атанды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақтаудағы 3502-әскери бөлімінде нысана көздеуден ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының біріншілігі мәреге жетті.

Нысана көздеуден аймақтық жарыста ақтаулықтар жеңімпаз атанды

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аймақтық жарысқа 6655-әскери бөлімі (Ақтөбе), 5517 (Орал), 5546 (Атырау), 6656, 3502 (Ақтау) және 5548-әскери бөлімінен (Жаңаөзен) барлығы алты команда қатысып, бақ сынады.

Жарыстың бас төрешісі, подполковник Сәтжан Әбішевтің айтуынша, екі күнге созылған бәсекеге қатысушылар АК-47 автоматы және Макаров тапаншасынан командалық және жекелей нысана көздеуде сынға түсті. Командалық есепте Ақтау қаласындағы 6656-әскери бөлім мергендері үздік атанып, ауыспалы кубокті жеңіп алды. Макаров тапаншасынан жекелей сында осы бөлімнен аға лейтенант Роман Абдрахманов жеңімпаз болса, Калашников автоматынан 6655-әскери бөлімінен сержант Ренат Нұрбеков алдына жан салған жоқ.