Нью-Йоркте табылған Микеланджелоның 500 жылдық эскизі 23 млн долларға сатылды

АСТАНА. KAZINFORM – Жуырда табылған Микеланджелоның эскизі Нью-Йорктегі Christie's дүкенінде 23 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды Kazinform ВВС-ге сілтеме жасап. 

Нью-Йоркте табылған Микеланджелоның  500 жылдық эскизі 23 млн долларға сатылды
Фото: BBC

Бастапқыда аукцион үйінің сарапшылары жұмыс екі миллионнан аспайды деп күткен, бірақ түпкілікті баға күткеннен он есеге жуық асып түсті. 

Эскиз 500 жыл бұрын ұлы италиялық суретші және мүсінші жасаған аяқты бейнелейді және Old Masters Paintings аукционында көрсетілді. 

Сарапшылардың пікірінше, бұл сурет – Ватикандағы Сикстин капелласының төбесінде Микеланджело да бейнеленген пұтқа табынушы пайғамбар әйел Ливия Сибилінің табанының нобайы. Аукцион үйі туындының иесі сызбаның фотосуретін Кристиге оның ерекше құндылығын білмей жібергенін атап өтеді. 

Ол жасырын қалғысы келді. Оның АҚШ-тың Тынық мұхиты жағалауында тұратыны және эскизді әжесінен мұраға алғаны ғана белгілі. Үй иесінің айтуынша, бұл туынды оның отбасында ХVIII ғасырдың аяғынан бастап, ата-бабалары Еуропада тұрған кезден бері болған. 

Кристидің ескі шеберлер бөлімінің басшысы Эндрю Флетчер бұл табуды өзінің мансабындағы маңызды сәттердің бірі деп атады. 

Бұған дейін Испания патшасының 1609 жылғы алтын монетасы $3,5 млн-ға сатылғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар