Ө. Мұсабаев Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Бүгін Ақмола облыстық мәслихатының кезекті 12-ші сессиясында 28-інші сайлау округы бойынша депутат Өмірсерік Мұсабаев облыстық Мәслихаттың хатшысы болып сайланды,

Ө. Мұсабаев Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық мәслихат депутаттарының қолдауына ие болған Өмірсерік Қайыржанұлы 1947-ші жылы туған. «Нұр Отан» халықтық- демократиялық партиясының мүшесі. Бұған дейін Ерейментау, Сандықтау аудандарының әкімі болды.