О. Өксікбаев ТМД-ның жоғары қаржы бақылау органдары басшылары кеңесінің X сессиясының жұмысына қатысады
Аталмыш ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, сессияға қатысушылар әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудағы жоғары қаржы бақылау органдары қызметінің тиімділігін арттыру жолдарын талқылайтын болады. Есеп комитетінің басшысы Омархан Өксікбаев осы мәселе бойынша қазақстандық тәжірибемен бөліседі.
Сонымен қатар, сессияның аясында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары басшылары кеңесі жанынан құрылған маңызды ұлттық көрсеткіштер жөніндегі сарапшылар тобы жұмысының нәтижелері қаралады.
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары басшыларының кеңесі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруды қамтамасыз ету, өзара іс-қимылды үйлестіру және тәжірибе алмасу үшін 2000 жылы құрылған болатын.