12:54, 19 Шілде 2015 | GMT +5
ОАР президенті Джейкоб Зума ауруханаға түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - ОАР президенті Джейкоб Зума өт қабына ота жасату үшін ауруханаға түсті. Бұл туралы мемлекет басшысының кеңсесінен хабарланды.
«Бүгін кешке президент Джейкоб Зума өт қабынан тастарды алып тастау бойынша жоспарланған тексеруден өту үшін ауруханаға барды. Президенттің ертең, 19 шілдеде шығуы күтілуде», - делінген хабарламаны келтіреді РИА Новости.
Президенттің денсаулығындағы кінәрат екі ай бұрын анықталған. Алайда жұмыстың көптігінен мемлекет басшысы ота жасату үшін ауруханаға жата алмаған.
Еске сала кетейік, соңғы бір жылда оңтүстікафрикалық көшбасшы екінші рет ауруханаға түсті.