09:45, 13 Қаңтар 2009 | GMT +5
Обама ең алдымен Гуантанамоны жабады
ВАШИНГТОН. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат – Гуантанамо американдық базасындағы атышулы әскери түрме АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Барак Обама қызметіне кіріскеннен кейін, алғашқы аптаның ішінде жабылуы мүмкін.
Дерек көздердің ақпараты бойынша, өз саясатының бұған дейінгі әкімшіліктің саясатынан мүлдем басқаша екенін халыққа көрсету үшін, Обама осындай қадамға баруға дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN компаниясына сілтеме жасап. Гуантанамо базасындағы түрмеде 250-ге жуық тұтқын отыр - олар Ауғанстан, Пәкістан және Ирак аумақтарында тұтқынға алынған әскери тұтқындар. АҚШ үкіметі олардың барлығы лаңкестер дегенге күдік келтіруде.