Обама Гаитиге көмек көрсетуге АҚШ Конгресінен 2,8 миллиард доллар сұрады

АСТАНА. Наурыздың 25-і. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обама зілзаладан зардап шеккен Гаитиге көмек көрсетуге 2,8 миллиард доллар бөлу туралы Конгреске өтініш жасады.

Обама Гаитиге көмек көрсетуге АҚШ  Конгресінен  2,8 миллиард  доллар  сұрады

Өкілдер палатасының спикеріне сәрсенбі күні осындай хат жолданды. Қаражат төтенше шығыстар желісі бойынша бөлінбек, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Сұралып отырған соманың қомақты бөлігі Гаитиде зілзала салдарын жоюға атсалысып жатқан АҚШ министрліктері мен ведомстволарының шығыстарын өтеуге жұмсалады. Қалпына келтіру жұмыстарын қосымша қаржыландырудың көлемі 1 миллиард долларды құрайтын болады.