08:23, 17 Шілде 2015 | GMT +5
Обама Иранмен жасалған келісімге орай 100 экс-елшінің қолдау хатын алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обама 100-ден астам бұрынғы америкалық елшіден хат алды. Онда экс-елшілер Иран ядролық бағдарламасы туралы келісімдер барысында қол жеткізілген келісімдер бойынша өз қолдауларын білдірді, деп жазды The New York Times.
Хатқа қол қойғандардың ішінде мемлекеттік хатшының бұрынғы орынбасарлары Николас Бернс пен Фрэнк Уизнер, Израиль мен Ауғанстандағы бұрынғы елшілер Даниел Керцер мен Райан Крокер, сонымен қатар Мәскеудегі бұрынғы елшілер Томас Пикернг, Джек Мэтлок, Джон Байерли мен Джеймс Коллинз бар.