Облыс әкімдігінің барлық ауылдық елді мекендерді газ, ауыз су, электр қуаты, телехабар тарату желісі және телефон байланысымен 100 пайыз қамтамасыз етуді жоспарлағаны Премьер-Министр тарапынан қолдау тапты

АҚТАУ. Қаңтардың 24-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Маңғыстау облысындағы жұмыс сапары аясында өңірде іске асырылып жатқан бірқатар инвестициялық және әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобалармен танысты.
None
None
Әсіресе, Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылдың басына дейін барлық ауылдық елді мекендерді газ, ауыз су, электр қуаты, облыстық телехабар тарату желісі және телефон байланысымен 100 пайыз қамтамасыз етуді жоспарлағаны Премьер-Министр тарапынан қолдау тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Биылғы жылдың басында ауылдық елді мекендер электр қуатымен, телефон байланысы және облыстық телехабарлар тарату желісімен 100 пайызға, сумен және газбен 97 пайызға қамтылды. Бұл - республикадағы ең жоғары жөрсеткіш. Үкімет басшысы аталған жобалардың шеңберінде іске асқан телехабарлар тарату желісін құру жобасымен танысты. Облыс әкімдігінің қолдауымен, «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Маңғыстау облыстық филиалы («Қазақстан-Ақтау» телеарнасы) облыстың 32 елді мекенінде төл телехабар таратқыш қондырғыларын орнатты. Оңтайлы техникалық шешім арқасында бұл қондырғылар облыс аумағын толық қамтуға мүмкіндік береді. Хабар таратқыш құралдар қазақстандық кәсіпорындарда шығарылған. Бұл ? Корпорация филиалдары арасындағы облыстық телехабар тарату желісі құрылған тұңғыш жоба. Сондай-ақ, Премьер-Министрге Каспий мұнай өңдеу зауыты құрылысының жобасы таныстырылды. Аталған жоба 2009-2012 жылдарға жоспарланған. Зауыттың жылдық өндірістік қуаты 1 млн. тоннаға дейін мұнай өңдеуге есептелген.
Соңғы жаңалықтар