Облыс әкімдігінің және демеушілердің қолдауымен жеті жетім бала пәтерлерге қол жеткізеді

АҚТӨБЕ. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ – Жасөспірімдер үйінің жеті тәрбиеленушісі жуық арада облыс әкімдігінің және демеушілердің қолдауымен пәтерлерге қол жеткізеді.

Облыс әкімдігінің және демеушілердің қолдауымен жеті жетім бала пәтерлерге қол жеткізеді
Бүгін бұл жөнінде жетім балалармен болған кездесуде облыс әкімі Елеусін Сағындықов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.2005 жылы ақтөбеліктердің (Халық банкі, кәсіпкерлер, қоғамдық қор) бастамасымен «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінде» шот ашылып, оған жасөспірімдер үйі жеті тәрбиеленушісінің шоттарына 199 мың теңгеден салынған болатын. Үш жыл ішінде онда бағдарлама шарты бойынша тұрғын үй құнының 25 пайызы жинақталды.Облыс әкімдігі жетім балалардың меншікті тұрғын үй сатып алуына көмектесуді ұйғарды. Әлеуметтік әріптестік аясында жеті баланың шотына «Ақтөбе орталық» компаниясының бір бөлмелі пәтерлерін сатып алу үшін 10,22 млн. теңгеден енгізілді. Кәсіпорын өз кезегінде салынған тұрғын үй құнын 40 пайызға төмендетті. Пәтерді балалар тегінге алмайды, олардың барлығы да жұмыс істейтін болғандықтан, «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ-да рәсімделген қарыз бойынша айына 15 мың теңгеден төлеп тұратын болады.