Облыс әкімі алғашқылардың бірі болып санақ парақшаларын толтырды - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Елімізде Ұлттық халық санағы басталған күні облыс әкімі Болатбек Қуандықов алғашқылардың бірі болып санақ парақшаларын толтырды.
None
None
Облыс басшысы сауалнамаға жауап беру үрдісінен кейін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін брифинг өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ? Бүгін ел өміріндегі аса маңызды оқиға ? Ұлттық халық санағы басталды. Бұл өткізіліп отырған шарадан күтеріміз көп, ? деді Болатбек Баянұлы. ? Еліміз тәуелсіздік алғалы екінші рет өткізіліп отырған халық санағының саяси әрі әлеуметтік маңызы өте зор. Біз осыдан он жыл бұрынғы санақтан бері қаншама белестен өтіп, биік жетістіктерге қол жеткіздік. Әрине, бұның барлығы Елбасының сындарлы саясатының арқасында жүзеге асырылды. Әр мемлекет өз халқының өсу және тұрмыс деңгейін, білімін және басқа да мәліметтер жиынтығын сараптан өткізеді. Өйткені, бұлар елдің әлеуеті мен экономикасын көтеру үшін құнды деректер болып есептелінеді. Біздің еліміз үшін биылғы санақтың ерекшелігі де міне, осында. Облыс әкімі бұдан әрі 2009 жылы өткізіліп отырған Ұлттық халық санағы республикамызда және облыс аймағында тың бастамалардың жүзеге асуына жол ашатынына, бой көтеретін құрылыс нысандарына сараптама жүргізуге мүмкіндік беретініне тоқталды.
Соңғы жаңалықтар