14:23, 14 Қаңтар 2009 | GMT +5
Облыс әкімі бастаған 400 шенеунік донор болды
ШЫМКЕНТ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Бүгін шымкенттік 400-дей шенеунік донор болу үшін Қан орталығына келді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Нұр Отан» партиясы ұйытқы болған бұл шараға облыс әкімі Нұрғали Әшімов бастаған әкімдік пен басқа да мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері қатысты. «Оңтүстік Қазақстандағы АҚТҚ-инфекциясы ошағы тіркелгеннен кейін адамдар қан тапсыруға қорқақтап келетін болған. Сондықтан да біз әріптестерімізбен бірге жерлестерімізге үлгі болып, жаңа орталықтың мүлдем қауіпсіз екендігін көрсетпек болдық», дейді облыс әкімі Н.Әшімов. Қан орталығы Шымкенте қараша айында ашылды. Барлық көрсеткіштер бойынша заманауи медицинаның ең жоғары талаптарына сай келетін бірегей орталық республикалық бюджетке 1 миллиард 750 миллион теңгеге түсті. Мұнда қолданылып отырған технологиялар донорға да, оның қаны құйылатын реципиентке де толық қауіпсіздікке кепілдік береді. «Бұл акцияның сырқаттардың барлық қажеттіліктерін жаппайтындығын біз түсінеміз. Бірақ бұл шара жақсы үлгі болып табылады. Адамдар ешқандай қауіптің жоғын көреді. Біздің соңымыздан басқа да еріктілер келе бастайды деп үміттенеміз», - дейді 29 жылдық өтілі бар донор, «Оңтүстік жолдары» кәсіпорнының директоры Мақсатбек Кешубаев.