Облыс әкімі Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Б.Әйтімовамен кездесті

ОРАЛ. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов сәуірдің 10-ында Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Бірғаным Әйтімовамен кездесті,

Облыс әкімі Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Б.Әйтімовамен кездесті
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жүздесу барысында Батыс Қазақстан облысының қазіргі экономикалық-әлеуметтік дамуы, Елбасы Жолдауына байланысты алда тұрған міндеттер әңгіме арқауына айналды. Осы орайда Бірғаным Сарықызы шетелден келген сайын Қазақстанды жаңа қырынан көретіндігін айтты. Қазіргі кезде дағдарыс Америкада бұдан да қатты сезілуде. Қайта Қазақстанда Елбасының салиқалы саясаты арқасында елдің бірлігі мен тыныштығы сақталып отыр. «Еліміз бұл қиындықты да жеңіп шығарына сенемін», - деді ол.