Облыс әкімі кезекті жұмыс сапарымен Бейнеу ауданында болып қайтты

АҚТАУ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Облыс әкімі Қ. Көшербаев кезекті жұмыс сапарымен Бейнеу ауданына барды. Сапар барысында әкім ауданға қарасты ауылдарды аралап, халықпен кездесті және мұнда салынып жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыс басшысы алдымен Боранқұл селосындағы газ өңдеу зауытының құрылыс жұмыстарымен танысты. Қазір нысанның сұйық газ өңдеу қондырғысының бірінші кезеңі және сұйық газ резервуарлары, дайын өнімдерді тасымалдауға арналған қажетті құбырларының құрылысы аяқталды. Зауыттың өндірістік қуаты тәулігіне 7 млн. текше метр газ өңдеуге есептелген. Құрылыс жұмыстары 2009 жылдың тамыз айында аяқталуы тиіс. Мұнан соң облыс әкімі «Боранқұл» кен орнындағы нысандарды аралап, «Қазполмұнай» ЖШС-нің активімен жүздесті. Іс-сапар аясында Боранқұл, Есет, Сарға, Ноғайты, Тәжен селоларында болып, елді мекендердегі әлеуметтік-мәдени мекемелерді аралады. Атап айтқанда, ауылдық кітапхана, клуб, мәдениет үйі, балалар бақшасы, орта мектеп пен дәрігерлік амбулаториялардың жұмысымен танысты. Боранқұл селосындағы аурухананы, Сарға селосындағы жаңа мектеп-интернаттың құрылыс барысын көрді. Тәжен селосындағы шекара бақылау-өткізу қосыны, су тазалау қондырғысы, әкімдік пен кеден бекетін аралап, жұмыс ретімен танысты. Алдағы уақытқа құрылысы жоспарланған шекара маңындағы еркін сауда аймағы орналасатын орында болды. Селолар тұрғындарымен кездесуінде ғаламдық қаржы және экономикалық дағдарысты еңсеру бағытында республикада, облыста атқарылып жатқан шаралар, девальвация, банк жүйесіндегі өзгерістер, Ұлттық халық санағы сияқты маңызды мәселелер туралы әңгімеледі.
Соңғы жаңалықтар