Облыс әкімі Павлодар облысы тұрғындарының Елбасыға тікелей желі арқылы қойған сауалдарына жауап берді

sp;ПАВЛОДАР.   Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Облыс әкімі  Бақытжан  Сағынтаев  Павлодар  облысы тұрғындарының  Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаевқа тікелей  желі  арқылы   қойған     сауалдарына   «Звезда Прииртышья» газеті   арқылы жауап берді.
None
None

Көптеген  павлодарлық отбасылар  үшін   баспана - ең     жанды мәселе  болып  отыр.   «Ол  адамдардың  жағдайын  мен түсінемін.  Сондықтан да,  өтініш  айтқандардың барлығы     кезек  бойынша    өз пәтерлеріне  қол жеткізеді»,   деп жауап берді әкім.

 Жұртшылықты сондай-ақ   дәрі-дәрмек  бағаларының  өсуі, дәрігерлерге  деген  кезектер,    Павлодарда мединститут ашудың  мүмкіндігі,       білім  мәселелері мен   жастар саясаты,    астық сатып  алу,      шағын несиелер,  т.б.   мәселелер     толғандырып  отыр. Б.Сағынтаев  әр сауалға    нақты жауаптар берді.

Өңір тұрғындарынан түскен 708  сауалдың  барлығына   берілген  жауаптар   желтоқсанның 10-ында   www.line.gov.kz   сайтында  жарияланады.

Соңғы жаңалықтар