Облыс әкімі павлодарлық әйелдерді мерекемен құттықтады
ПАВЛОДАР. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев үлкен жетістіктерге қол жеткізген павлодарлық әйелдерді алдағы 8 наурыз мерекесімен құттықтады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Өңір басшысы бейресми жағдайда білім, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік салаларының нәзік жанды 120 ең таңдаулы өкілдерін қабылдады. Б.Сағынтаев облыстың саяси және қоғамдық өміріндегі, бизнес пен экономикасындағы әйелдердің рөлі артып келе жатқандығын атап өтті. Нәзік жандылар өңірде 115 үкіметтік емес ұйымдарға басшылық етеді, 37-сі мәслихаттардың депутаттары болып сайланды және мемлекеттік басқару органдарында да жауапты қызмет атқарады.Өңір басшысы әйелдерге гүлдер, құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті.